AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешқашан биологиялық әке болуды қалаған емеспін": Гей ер адам айықпас дертке шалдыққан алты баланы асырап алған

Англияның 37 жастағы Бен Карпентер есімді азаматы жақында алтыншы баласын асырап алған. 21 жаста алғаш рет бала асырап алған ер азамат өзінің өмірін балаларына арнаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме беріп. 

Бен 21 жасында бала асырап алған ең жас гей атанған. Содан бері қажеттіліктері бар бес баланы қамқорлығына алады. Осал топтағы балаларға көмек берумен айналысқаннан бері ол осындай шешім қабылдаған. 

Былтыр сәуір айында Бен үйге алтыншы асыранды баласын алып келді. Оның үлкен баласы 14 жастағы Джек, ол аутизмге шалдыққан. Сондай-ақ Руби есімді ерекше қажеттіліктері бар 11 жастағы қызы, 9 жастағы құлағы естімейтін және 6 жастағы Даун синдромына шалдыққан 6 жастағы Джозеф есімді балаларды тәрбиелеуде. 

Беннің бесінші асырап алған баласы Тедди 2019 жылдың қарашасында қайтыс болды. Содан кейін көп балалы әке бала асырап алудан үзіліс алып, былтыр алтыншы баласын қамқорлыққа алған екен. 

“Мен әрдайым осыны қалайтынмын. Ешқашан биологиялық әке болуды қалаған емеспін. Себебі ата-ана болу әлдеқайда маңызды әрі жоғары. Ең осал балаларға, мейірім мен махаббатқа толы үйге мұқтаж балаларға көмектескім келді”, – дейді ол.

“Бала асырап алудың табиғи жолмен жүкті болудан артықшылығы баланың жынысын таңдай алу”, – дейді Бен.

“Бастапқыда ұлды, содан соң қызды асырап алдым. Содан соң Даун синдромы бар баланы алуға ынта білдірдім. Бірнеше күнде маған осы синдромға шалдыққан жаңа туған сәбиді ұсынды. 


Ер адам көз жұмғаннан кейін бес жыл өткен соң әке атанды 


Толықтай ересек тұлға екенімді, балаларға олардың қалауын ұсына алатын дәрежеде екенімді көрсеткім келді”, –дейді Бен. 

Бірнеше жылдан соң Бен журналдан оның отбасына кейінірек қосылатын баланы көріп қалған. 

Мүгедек бала туралы оқып, бүлдіршіннің отбасыға мұқтаж екенін білген. Содан соң онымен байланысқа шыққан. 

Оның айтуынша, олардың балаларының арасындағы қарым-қатынас өте жылы, оның шаңырағы махаббат пен қуанышқа толы. 

“Мен әрқашан үлкен отбасының болғанын қалайтынмын, қазір олардың менің отбасымның жартысы болғанына, іні, қарындастары көп екенін қуаныштымын”, – дейді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр