Теңгеге ұқсайтын жалған банкноталар таралып жатыр: Ұлттық Банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстанда жарты жылда 57 жалған ақша анықталды. Ұлттық Банк әлеуметтік желілерде шынайы теңгеге ұқсатып жасалған, бірақ төлем құралы болып табылмайтын "жалған" банкноталардың айырмашылығын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық Банктің мәліметінше, екінші деңгейлі банктер биыл жалпы сомасы 259 400 теңгені құрайтын 57 жалған ақша белгісін (49 банкнота және 8 монета) анықтаған. Бұл былтырмен салыстырғанда әлдеқайда аз.
“Ең көп қолдан жасалғаны – 2 000 теңгелік банкноталар. Олардың саны 22 дана. Одан кейін 10 000 теңгелік банкноталар – 16 дана (28,1%), 5 000 теңгелік банкноталар – 11 дана (19,3%) болды. Қалған 14%-ы монеталарға тиесілі”, – деді банк.
Одан бөлек Ұлттық Банк әлеуметтік желілерде сыртқы көрінісі теңгеге ұқсайтын, бірақ төлемге жарамсыз банкноталардың сатылып жатқаны туралы ескертті.
“Мұндай өнімдерде "Бірге мерекелейік!", "Төлем құралы болып табылмайды" деген жазулар кездеседі. Осыған байланысты Ұлттық Банк азаматтарды банкноталарды пайдаланған кезде ондағы жазуларға мұқият қарап, ақшаның түпнұсқалығын тексеруге шақырады. Нағыз банкноталардың көзбен қарап және қолмен ұстап тексеруге болатын бірнеше қорғаныс белгісі бар.
Қазақстан Ұлттық Банкі банкноталарды қолдан жасаумен күресу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді және азаматтарды қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде сақтық танытып, мұқият болуға шақырады. Күмәнді банкноталар, оның ішінде түпнұсқа ақша белгілерінің сыртқы белгілерін қайталайтын ақшалар анықталған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет”, – делінген.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған