Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешқандай жаңашылдық жоқ": Ерболат Беделхан "Ninety One" тобының үзіліс алуына қатысты пікір білдірді

Танымал әнші, продюсер Ерболат Беделхан “Gakku” арнасына берген сұхбатында "Ninety One" тобының кез келген шешіміне қолдау білдіретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/ninetyone/yb.juzent

“Негізінде олар мықты музыканттар. Топ құрылғалы бері, балаларды жинаған кезден бастап бойындағы қасиеттерінің бәрін білдім. Біз жеке-жеке кетіп, әр қайсысымыз өзіміздің жолымызға түскен кезде жігіттердің “белгілі бір күйзелістен өтеді-ау” деп ойладым. Сол күйзелістен дұрыс өтсе жақсы болар еді. Айтқым келгені, шығармашылық күйзеліс, өнер жолы, шығармашылық таңдау мәселесі”, – дейді Ерболат Беделхан.

Продюсер "Ninety One" тобының белгісіз мерзімге үзіліс алуына қатысты ойын айтты. 

“Кез келген шешімін қолдау керек. Тағы қайталап айтайын, менің жолымды қуып келе жатыр. Қалай қарасаңыз да, мұнда ешқандай жаңашылдық жоқ.  "Orda” қандай жолдан өтсе, “Ninety One" дәл сол жолды қайталап келе жатыр. Қанша жерден ерекшеленеміз десе де, ешқандай өзгеріс жоқ. Кезінде біз де тайм-аут алдық. Бір емес, үш рет. Сондықтан бір нәрсені жаңадан құру үшін, ескіні қиратудың қажеті жоқ”, – деп пікір білдірді өнер иесі.

 

Талқылау