"Ешқандай лимузин мен қымбат салтанатқа жол берілмейді": Аймағамбетов мектеп бітіру кештері қалай өтетінін айтты
Мектеп түлектері кешін өткізудің нұсқаулығы әзірленіп жатыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Түлектер кешіне келер болсақ, әріптестерімізге нұсқаулық пен тиісті тапсырма жолданады. Ешқандай лимузин мен қымбат салтанатқа жол берілмейді", - деді ол.
Бұған дейін білім министрлігі биыл мектептерде соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтетінін айтқан болатын.
Айта кетсек, осы жылы оқушылар төртінші тоқсанды дәстүрлі форматта бастады. Карантиндік шектеулердің алынып тасталуына байланысты балалар мектепке барып оқиды.
"Алты қыздың ішіндегі жалғыз бала": Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы мұғаліммен даудан кейін өлі табылды
Марқұмның туыстары 7 ай бойы үндемедік, дейді
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған