Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ержан Сәденов ішкі істер министрі болып қайта тағайындалды

Ержан Сәденов ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды", – делінген жарлықта.

Ол 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында дүниеге келген.   1993 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.

  • Еңбек жолын 1993 жылы ШҚО ІІД Қылмыстық іздестіру басқармасы ауданаралық жедел іздестіру бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған.
  • 1994-1995 жылдары — ШҚО ІІД ҚІБ жедел-іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі
  • 1995-1996 жылдары — ШҚО Өскемен қаласы ІІБ жедел-іздестіру бөлімі жанындағы автокөлікті ұрлау және айдап әкетуге қарсы күрес бөлімшенің бастығы.
  • 1996 жылы — Өскемен қаласы бойынша МҚКБ қылмыстық іздестіру бөлімі мүліктік және нашақорлық қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы.
  • 1997-1998 жылдары — ШҚО ІІБ Серебрянск қаласы бойынша МҚКБ жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу басқармасы іздестіру бөлімі басшының орынбасары.
  • 1998 жылы ақпан айында ШҚО ІІБ аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.


1998-2000 жылдары — ШҚО ІІБ аса маңызды істер жөніндегі бөлімнің бастығы. 2000-2004 жылдары — ШҚО ІІБ Зайсан ауданы ІІО бастығы.

2004-2006 жылдары — ШҚО ҚІІБ Тарбағатай ауданына ІІО басшы. 2006-2008 жылдары — ШҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығы.

2008-2009 жылдары — ШҚО ІІД Риддер қаласы ІІО бастығы.

2009 жылы — ШҚО ІІД Өскемен қ. ІІБ бастығы.

2009 жылдан 2013 жылға дейін — Маңғыстау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары.

2013-2015 жылдары — ҚР ІІМ Департаменті бастығы.

2015 жылы көліктегі ІІД бастығының міндетін атқарушысы лауазымына тағайындалды.

2015-2016 жылдары —  көліктегі ІІД бастығы.

2016-2019 жылдыры — Ақмола облысы ПД бастығы.

2019-2022 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы. 2022 жылдан 2023 жылға дейін — ҚР ішкі істер министрінің орынбасары.

2023 жылғы 2 қыркүйекте президентінің жарлығымен ҚР ішкі істер министрі болып тағайындалды. 

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі мен қорғаныс министрін тағайындау туралы жарлыққа қол қойғанын жаздық. 

Талқылау