Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Ертіс Орманының" бұрынғы директоры ағаш кесіп, отын ретінде сатқаны үшін 12 жылға сотталды

Фото: Stan.kz/ChatGPT арқылы жасалды

"Ертіс орманы" серіктестігінің бұрынғы директоры ағаш кесіп, отын ретінде сатқаны үшін 12 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Павлодарда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Ертіс орманы" қорығының бұрынғы бас директоры мен үш қызметкеріне қатысты үкім шығарды.

Сотталушыларға ағаш ұрлау, пара алу, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу сынды айыптар тағылды.



Тергеушілердің мәліметінше, іс бойынша айыпталушылар 2022-2023 жылдар аралығында отын мен өндірістік ағашты желеу етіп, ормандарды кесіп, сатуды ұйымдастырған.

Мемлекеттік айыптау тарапының мәліметінше, мемлекетке келтірілген шығын шамамен 153 миллион теңге болған. 

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Ертіс орманы" мемлкеттік орман табиғи резерватының басшысының пара алу фактілерін анықтағаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 25 Сәуір, 2025 14:36
Талқылау