Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ертіс орманы" резерватында 2029 жылға дейін ағаш кесуге тыйым салынды

"Ертіс орманы" табиғи резерватында 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін ағаш кесуге тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

орман сток

Фото: pixabay.com

Экология министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы "мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салу туралы" бұйрыққа қол қойды. 

"Осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде орман кесудің барлық түрлеріне тыйым салынады", – делінген құжатта.


Антикордың тергеуінен кейін асылып қалған: "Ертіс орманы" резерваты қызметкерінің жұбайы күйеуінің өз еркімен көз жұмғанына сенбейді


Құжатта бұйрықтың орындалуын Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қамтамасыз ететіні айтылған.

Бұйрық 2024 жылғы 27 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салсақ, бұған дейін ағаш ұрлады деген күдікпен “Семей орманы” филиалының директоры ұсталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау