Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ертегідегідей КАСКО: Автокөлікті қалай 3 минутта тиімді сақтандыруға болады

Halyk сақтандыру компаниясының мамандары жаңа автокөлікті ең жақсы шарттармен қалай сақтандыру керек екенін айтып берді.

Фото: freepik

Қазіргі заманда жаңа автокөлік сатып алу – әр адам үшін үлкен оқиға. Сатып алынған көлік оның мәртебесімен ғана емес, қосалқы бөлшектерінің сапасымен, жолдардағы қатерден қорғана алу маңызымен ерекшеленеді. Осы ретте автокөлікті сақтандыру өзгеше, тіпті аса маңызды қадам болып саналады.

Қазақстанда жеке көлікті сақтандырудың екі түрі бар. Біріншісі – шарттары аз, тек зақымдалған автокөлікті жөндеуге кеткен шығынды өтейтін міндетті "сақтандыру" (OГПO). Мұндайда көлігіңіз басқа көлікті соқса, онда OГПO келісімі бойынша сақтандыру компаниясы өтемақыны тек екінші зақымдалған көлікке төлейді. Жол апатынан кейін көлігіңіздің жағдайын өзіңіз реттеуіңізге тура келеді.

Сақтандыру мәдениеті мен қаржы сауатынан хабардар тәжірибелі автокөлік жүргізушілері міндетті сақтандырумен шектелмейді. Олар автокөлікті сақтандырудың екінші түрін – КАСКО-ны алуға ұмтылады. Ал КАСКО көбірек қызмет пен қолайлы жағдайлар ұсынады. Мысалы, сіздің кінәңізден апат болғанда сақтандырудың бұл түрі сіздің көлігіңіздің де жөндеуін өтейді.

Halyk сақтандыру компаниясы автокөлік жүргізушілерінің қажетін өтей отырып, құжат тапсырудан бастап мақұлдауға дейінгі барлық процесті цифрландырды. Соның арқасында КАСКО сақтандыру полисін ұсынуды жеңілдетті. КАСКО Standart онлайн сақтандыру қызметі енді 3 минут қана уақыт алады. Осы уақытта сақтандыру сыйлықақысының есебін алып, көлікті бейнебақылаудан өткізіп, онлайн келісімшартқа қол қойып үлгеріп, сапарды алаңдамай бастап кете аласыз.

Halyk сақтандыру компаниясының мамандары барлық автокөлік жүргізушіcі үшін КАСКО-ның бірнеше негізгі артықшылығын атап өтті:

  • Ең әуелі КАСКO Standart-пен автокөлік апат болған жағдайда ғана емес, сонымен қатар үшінші адамдардың әсерінен және басқа да себептерден сақтандырылады. Оған мыналар кіреді: үшінші адамдардың заңсыз әрекеттері (ұрлық, талау, тонау, т.б.); табиғи апаттар (жаңбыр, бұршақ, жер сілкінісі және т.б.); басқа да күтпеген оқиғалар, мысалы, бөгде заттардың құлауы, өрт, жарылыс, мұздан құлау және тағы басқа.
  • Полис 5 жұмыс күнінде 50 миллион теңгеге дейінгі сақтандыру сомасымен толығымен пайдаланылғанға дейін бір жыл бойы жарамды. Мұндайда көлік қашықтан полисті беру кезінде тексеріледі.
  • "КАСКО Standart" мерзімі 20 жылдан аспайтын автокөлікті жөндеймін деп көп шығындалудан қорғайды немесе көлік толық жоғалғанда залалдың орнын толтырады

Осы ретте Halyk сақтандыру компаниясының өкілдері КАСКО сақтандыру аясында өз клиенттеріне ерекше қолайлы шарттар ұсынады:

- Бірінші сақтандыруды рәсімдегенде 50% жеңілдік және қалған соманы бөліп төлеу мүмкіндігі;
- Төмен нарықтық тарифтер;
- Полисті қысқа мерзімде рәсімдеу;
- Келісімшартқа тұрақты онлайн қолжетімділік;
- Сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу немесе жазылу арқылы төлеу мүмкіндігі;
- Банк қолданбасында полисті үш қадам арқылы оңай рәсімдеу немесе сатып алу

Әрине, көлігіңіздің қауіпсіздігі мен тұтастығы көбіне өзіңіздің жүргізу дағдыңыз бен Қазақстан жолдарындағы тәжірибеңізге байланысты. Дегенмен ешқайсымыз қай сәтте не болатынын нақты білмейміз. Табиғи апат бола ма әлде жолдар сапасыз ба, белгісіз. Қауіп-қатердің түр-түрінен қорғану үшін әр жүргізушінің жол апаты кезінде көмектесетін сақтандыруы болуы керек. Мұндай сақтандыруды Halyk Сақтандыру компаниясы бірегей шарттары мен көп қызметі бар тиімді және сенімді онлайн КАСКО сақтандыруымен бірге ұсынады.

Автоәуесқойларға Halyk сақтандыру компаниясынан маңызды жадынама! Көлікті сақтандыратындай оқиға болған жағдайда не істеу керек:

  • Сақтанушы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей, жағдайды Halyk сақтандыру компаниясына полисте көрсетілген телефон нөмірі арқылы дереу хабарлауға, содан кейін компанияға жазбаша өтініш беруге міндетті;
  • Оқиға болған жерді және зақымдалған автокөлікті фото-видеоға түсіруі керек;
  • Сақтандырушыдан бұдан былайғы әрекеттер туралы нұсқау алғанға дейін жазатайым оқиға болған жерді және автокөлікті апат болғандағы қалпында сақтауға міндетті (қатысушылардың көлігін жылжытпау және т.б.). Бұл ретте сақтанушының немесе үшінші тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбесе немесе уәкілетті органдар өкілдерінің талабы болмаса, жеткілікті;
  • Апаттан келген залалдың алдын алу немесе азайту үшін барлық мүмкін және тиісті шараларды қарастыруы керек;
  • Cақтандыру жағдайының мән-жайын тексеруге уәкілетті тиісті құзыретті органдарға хабарласуы қажет;
  • Апаттың құжаттарын реттеуі үшін, соның ішінде жазатайым оқиға кезінде көмектесуі үшін мемлекеттік және басқа да құзырлы органдарға жүгінуі керек;
  • Полисте көрсетілген сақтандыру төлемін төлеу үшін сақтандырушыға қажет құжаттар мен ақпаратты беруі керек.
Талқылау