Ернар Беспаев президенттің көмекшісі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлығымен Ернар Баспаев президент көмекшісі - Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Бұған дейін бұл қызметті Тамара Дүйсенова атқарған болатын. 11 сәуірде Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлдеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
43 жастағы Ернар Баспаев 2019 жылдан бері президент әкімшілігінің инспекторы болды.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады