Ермұхамет Ертісбаев қызметінен босатылды
Беларусь еліндегі Қазақстан елшісі Ермұхамет Ертісбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ТМД жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген хабарламада.
Президенттің жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ТМД жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"