Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ермахан Ибраимов: Головкин - супер жұлдыз, ал Қанат Ислам чемпион болады деп айта алмаймын

Белгілі қазақстандық боксшы Ермахан Ибраимов ең үздік бес қазақ боксшыны атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасына сілтеме жасап. 

бокс

Алайда ол бұл тізімге Геннадий Головкинді кіргізуден бас тартты. Бұған себебі де жоқ емес. 

«Геннадий Головкин – супер жұлдыз. Сол себепті оны бұл тізімге қосқым келмейді. Ол – қазақ. Батыр Жүкембаев, Садриддин Ахмедов, Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахмедов және Қанат Ислам», - деді Ермахан Ибраимов. 

Бағдарлама жүргізушісі Аман Тасыған одан бұл тізімге неліктен Қанат Исламды әрең қосқанын сұрады.

«Қазақтан шыққан бес жігіт осы. Қанат Исламды бірінші қосуға болатын еді. Дегенмен де Қанат Ислам осы аты аталған боксшылардың ішінде жас жағынан ең үлкені. Біз Қанат Исламның болашағынан үміт күтеміз. Ол әлі чемпион болады, ол әлі жас деп айта алмаймын. Осы ғана кедергі болды. Шындығы сол», - деді боксшы. 

Сондай-ақ, ол Геннадий Головкиннің Сауль Альвареспен екінші рет жекпе-жек өткізуіне толықтай қарсы болғанын жеткізді. 

Тағы оқыңыз >>> "Екі жұбайым бар. Олар қарсы болмаса, неге тағы алмасқа?": Ермахан Ибраимов отбасы туралы шындықты айтты
Талқылау