"Ерлер 63, әйелдер 58 жаста шығады": Қырғызстанда зейнетке шығу жасы өзгеріссіз қалды
Қырғызстан министрлер кабинеті жанынан құрылған Әлеуметтік қор төрағасы Бақтияр Әлиев елде зейнет жасының көтерілмейтінін мәлімдеді. Елде зейнетақы реформасы аяқталған, жол картасы әзірленіп, құжат жауапты ведомстволарда мақұлданып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Қырғызстанда осыдан 3 ай бұрын Әлеуметтік қор әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайтуды ұсынған. Қор басшысы Бақтияр Әлиевтің айтуынша, зейнетке шығу жасы бұрынғы қалпында қалады. Жол картасында зейнетақы тағайындау үшін құжаттарды жинауды жеңілдететін даму стратегиясы қарастырылған екен.
Әлеуметтік қор 2023 жылдан бастап азаматтардың бір төлқұжатпен келіп, зейнетақы рәсімдеуін жолға қойылады деп отыр. Айта кетейік, Қырғыз елінде әйелдер 58 жаста, ерлер 63 жаста зейнетке шығады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"