Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады

Қазақстанның Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

тұрғымбаев

Фото: Ішкі министрлігінің баспасөз қызметі

Бас прокуратураның мәліметінше, Ерлан Тұрғымбаев 2024 жылдың 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталған

"Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды. Мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚР ҚІЖК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен регламенттелген", – делінген хабарламада.



Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы БАҚ жарыса жазған еді. Сонымен қатар 20 наурызда Бас прокуратура Тұрғымбаевтан қаңтар оқиғасы ісі бойынша жауап алғанын хабарлаған едік. 

Талқылау