Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркенің әнін орындаған Кішкенбаевтың қос қызы желідегілерді тәнті етті (видео)

Иә, Ерке Есмаханның “Қайда?” әнін қарапайым тыңдарманнан бөлек, өз әріптестері де сүйіп тыңдайды. Танымал жұлдыздардың көлікте ән тыңдап отырған сәттерін ара-тұра желіде жариялап тұратын әдеті бар. Бірақ бұл жолы әнші емес, жұлдызды әкенің қос қызы Еркенің әнін шырқаған, деп жазады Stan.kz.

алмас киш кыздары

2000 жылдардың басында өнер әлемінде Алмас Кішкенбаевтың жұлдызы жарқырап шыға келді. Алғашқыда қызу жұмыс істеп, тыңдарман көңілін жаулаған әнші бүгінде қамқор әкеге айналған. Қазір ол сахнаға жиі шықпайды, есесіне уақытының көп бөлігін отбасына арнайды.

Көптен көрінбей кеткен Алмас күні кеше қос бірдей қызының ән шырқап отырған видеосын жүктеп, желідегілерді сүйсіндірді.

Видеода Зере мен Калима Ерке Есмаханның “Қайда?” әнін шырқап отыр. Өз кезегінде Алмас қыздарының қылықтарын айтып, жұртты бір күлдіріп алды.

“Кімнің бұзық екені көрініп тұрған шығар?! Екеуі осылай бір-бірін құшақтап, сүйіп отырып артынан ұрысып, бір жылап алды”, – дейді Кішкенбаев.

Жалғасы;))) да-да деген, жоқ-жоқ деген сөзғой… 🐣🐣🐣

Публикация от Almas Kishkenbaev (@a.kishkenbaev)

Жіберіп алмаңыз:

Мұрат Қожаның бірінші әйелі туған күніне өнердегі ең танымал бикештерді шақырды (фото)

Ақбота Керімбекова: Ұлым қазіргі күйеуімді туған әкесі деп ойлап жүр

Тәуекел Мүсілім өзін ессіз ғашық еткен қырғыз аруы жайлы айтып берді (фото)

Айдана Меденова тұрмыста болса да өзін аңдып, артынан қалмайтын жігіттер туралы айтты (фото)

Талқылау