Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еркектің серіктестікке кіргенін құптамаймын": Алтынай Жорабаева қалай босанғаны туралы айтып берді

Жақында бесінші мәрте ана атанып, кестетігерді дүниеге әкелген әнші Алтынай Жорабаева босану процесінің қалай өткенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші қызына қандай есім қойғанын да жариялады. 

“Амина Әлішерқызы! Қош келдің, ботам! Бес қызым – бес бармағым! Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек бір Аллаға ғана тән. Қымбатты тілекшілерім! Сіздердің: “Аман-есен жаның қалсын” деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып, сәбиді дүниеге әкелу – үлкен жеңіс. Дәрігер-гинекологтарға алғысым шексіз. Серіктестікке әпкем кірді.
Еркектің серіктестікке кіргенін құптамаймын. Әлішерім онсыз да қатты уайымдап, қобалжып, есіктің сыртында дұға жасаумен болды. Әпкем толғатып жатқанда да, босанғанша Құран оқып отырды. Уақытылы жауап бере алмай жатырмын. Кешеден бері енді ес жинап, қолым телефонға енді жетті. Бізге тілеген ниет-тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын!, – деп жазды жас ана. 

Еске салайық, өнер иесінің дүниеге сәби әкелгенін айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева бірінші болып сүйіншілегенін жазған болатынбыз. 

 

Талқылау