Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық қарсыласын алғашқы минутта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті
Фото:Allstars
Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық қарсыласын алғашқы минутта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ММА жұлдызы әрі актер Еркебұлан Тоқтар Ташкент төрінде өткен жекпе-жекте өзбекстандық Тимур Никулинді жеңді.
Отандасымыз айқастың алғашқы минуттарында-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді.
Бұл – Еркебұлан Тоқтардың кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар 2025 жылы OCTAGON лигасында тамаша нәтиже көрсетіп келеді. Ол өткізген екі жекпе-жегін де нокаутпен аяқтаған. Ақпан айында тәжікстандық Камариддин Хасановты (Камил Карате) төртінші раундта жеңіп, ұйымның BMF белбеуін иеленді. Ал тамыз айында ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта нокаутқа түсіріп, өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"

