Еркебұлан Тоқтар Octagon 60 турнирінде жекпе-жекке шығады
Қазақстандық танымал актер, әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар келесі жекпе-жегін Octagon 60 турнирінде өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Octagon.league
Octagon 56 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде өзбекстандық Одилхон Камоловты айқын басымдықпен ұтқан Еркебұлан Тоқтар Octagon 60 турнирінде жекпе-жекке шығады. Отандасымыз “17 кг” лақап атымен танылған, қырғызстандық Эльчибек Абдувалиевпен жұдырықтасады. 19 шілде күні өтетін турнирде спортшылар 70 келі салмақта жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар шаршы алаңда 10 жекпе-жек өткізіп, соның жетеуінде жеңіске жетсе, үш рет ұтылып қалған еді. Ал оның қарсыласы 2 жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіліске ұшыраған.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады

