Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке “Қайда?” клипіне айнытпай пародия түсірген бүлдіршінге 100 мың теңге сыйламақ (видео)

Ерке Есмахан өзі жариялаған байқаудың жеңімпазын анықтады. Әнші “Қайда?” клипіне айнытпай пародия жасаған 4 жасар бүлдіршіннің жеңіске жеткенін хабарлады.

Безымянный

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше апта бұрын әнші байқау жариялап, “Қайда?” әнін үздік орындаған жанға 100 мың теңге табыстайтынын айтқан еді. Оны естіген тыңдармандар жаппай Еркенің әнін орындап кетті. 3-4 жасар бүлдіршіндерден бастап, ақыр аяғы ер азаматтарға дейін “хитке” айналған әнге кавер нұсқа түсіріп, желіге жүктеді. Алайда көпшілігінің еңбегі еш кетті. Себебі жеңіске Әминә есімді бүлдіршін жетті.

“Ерке Қайда” сайысының жеңімпазы – осы кішкентай бүлдіршін деп шешіп отырмын! “Неге?” деген сұрақ туындаса, 3 күн еңбекпен, дәл менің клипімдей клип түсірген Әминаның отбасына респект! Ақылды қыз!
Толық нұсқасын ютубтан көре алады екенсіздер! Құтты болсын! Барлық қатысушыларға алғыс айтамын! Бақытты болыңыздар!” – деп жазды Ерке.

Жіберіп алмаңыз:

Instagram-дағы бір пост арқылы миллиондап ақша табатын жұлдыздар кімдер?

Мөлдір Әуелбекова қыз ұзататын әншілер қатарына қосылды (видео)

“Дайдидауды” шебер орындаған шетелдіктерді көрген жұрт көздеріне жас алып, Димашқа алғыс айтты (видео)

Әнші Нұрлан Еспановтың жары рак ауруын жеңді

Босану кезінде серіктес болған Ерлан ұлы мен сүйіктісін перзентханадан шығарды (фото, видео)

Талқылау