Ереван мен Баку бітімге келді – Армения қауіпсіздік қызметі
Армения мен Әзірбайжан бітімге келу туралы келісімге қол жеткізді. Бұл жайлы Армения қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян қоғамдық телеарна эфирінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап.

"Халықаралық қауымдастықтың қызығушылық танытуы арқасында 14 қыркүйекте 20:00-ден бастап бітімге келу туралы келісімге қол жеткіздік. Әзірбайжан келісімшартты бұзбайды деп үміттенеміз", – деді Григорян эфирде.
Оның сөзінше, Бакумен қол қоюға дайындалған құжат немесе келісімшарт жоқ.
ҰҚШҰ миссиясының өкілдері 15 қыркүйекте Арменияға ұшады
Әзірге Әзірбайжан бітімге келу туралы ақпаратты растамаған. Армения қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Арам Торосян Facebook-парақшасында жергілікті уақыт бойынша 20:0-ден бастап барлық бағытта оқ ату тоқтаған.
Айта кетейік, бұған дейін сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Арменияға Қазақстаннан бітімгерлер жіберу мәселесі әзірге қарастырылып жатпағанын айтқан еді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты