"Ерекше жаратылыс": Желіде екі көзі екі түрлі түстегі қазақстандық бала жұртшылықты таңғалдырды
Желіде екі көзі екі түсті бала қазақстандықтарды тәнті етті. Баланың видеосы желіде 2,7 миллион қаралым жинаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет желі кадрларынан алынған
Гетерохромиямен дүниеге келген баланы TikTok қолданушыларының бірі желіге салған. Видео 2,7 миллион қаралым мен мыңдаған пікір жинаған.
“Сұлтан Бейбарыстың көзі осындай болған”, “Алланың құдіреті шексіз”, “Сүйкімді екен, тіл-көзден сақтасын”, “Бір көзі анасына, бір көзі әкесіне ұқсаған ғой”, “ Керемет, ерекше жаратылыс”, “Бұл бала биіктен көрінеді”, “Бұл бала тегін емес”, – деп жазды желі қолданушылары.
Гетерохромия әлемде халықтың 1% -дан азында ғана кездеседі. Бұл фактінің нақты ғылыми негізі әлі табылған жоқ. Әдетте, иристің әртүрлі түстері тұқым қуалаушылықпен түсіндіріледі. Бұл көру сапасына ешқандай әсер етпейді.
@azeeke.o8 Гетерохромия
♬ оригинальный звук - Azekeee.08
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі