Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ердоған Түркия мен Ресейдің арасындағы қарым-қатынастың жаңа деңгейге көшетінін айтты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Владимир Путинмен Сочиде келіссөздер басталар алдында екі мемлекет басшылары ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көшу керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет Anadolu басылымынан алынды

“Бізге мәселенің нүктесін қою қажет. Біздің келіссөздеріміз екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге бастайды деп сенемін”, - деді Түркия басшысы.

Ол энергетика саласындағы ынтымақтастық, Қара теңіз арқылы астық экспорттау, туризм және аймақтық мәселелер жөнінде айтып тұрғанын түсіндіріп өтті.

РИА Новости-дің жазуынша, Ердоған келіссөздер тақырыбының бірі Сирия мәселесі болатынын да атап өткен.


 


“Біз үшін аймақтағы лаңкестікпен күрес өте маңызды. Бүгін бүкіл әлемнің назары Сочидегі келіссөздерде болмақ”, - деп қосты Ердоған.

Айта кетейік, Ресей мен Түркия президенттері Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған Сочиде аз құрамның қатысуымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Путин қазір Сочиде. Келіссөздердің нәтижелері туралы баспасөзге премьер-министрдің орынбасары, Үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Александр Новак хабарламақ.

Сонымен қатар Түркияның БРИКС-ке кіруі де талқылануы мүмкін. Одан бөлек, бұл келіссөздерде екіжақты байланыстардың жай-күйі мен болашағы туралы пікір алмасу болып, аймақтық және халықаралық үдерістер талқыланбақ.

Талқылау