Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шіркеуде шоқындым": Ерболат Беделханның әйелі христиан дінінде болғанын мойындады

"Ninety one" тобының продюсері Ерболат Беделханның әйелі шіркеуге барып шоқынғанын желіде жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ерболат беделхан

Өткен өмірінен естеліктерді желіге жаза бастаған Асыл Айдар Қарағандыда үш қыздың ортасында мейірім мен махаббатқа тойып өскенін кезекті жазбасында еске алды. Бірақ анасының қатты жалғызсырап жүргенін, әке деген сөздің құны 9 жасында жоғалтқанын айтты. 1991 жылдары ажырасу деген сұмдық ұят нәрсе екенін, анасына сол жылдары өте ауыр тигенін жасырмады. 

Әкесіне қатты ұқсайтынын, сағынып еске алатын жағымды сәттердің көптігін айтқан Асыл әкесін қатты жақсы көргенін айтқан ол Сәтпаев қаласынан Қарағандыға көшкеннен кейінгі өміріндегі өзгерістер жайлы еш жерде айтпаған сырын айтты. 

"Қарағандыға көшіп келген кездері анама оңай соқпады. Бірақ бізді қорғаушы күштердің барын сезетінмін. Бір күні анам өз қайғысы мен мұңын жеңілдету үшін көп жүріп, шіркеуді көріп қалады. Оның айтуынша шіркеудегі адамдар бір-бірін құшақтап, жылы шырай танытып жатқандықтан барып ішіне кіріп көргісі келеді. Шамасы ол сол жерден өзіне керегін тапқан. Кейіннен біз де оның артынан шіркеуге бара бастадық. Жеке өзіме шіркеудегі ән, би, шіркеу қызметкерінің Библияны түсіндіргені бәрі ұнады. Сосын сол шіркеуде шоқындым. Бұл маған келген сынақ еді. Бұл туралы айналамыз біліп қоймас үшін ешкімге айтпай, жасырып ұстадық", - деген ол болашақ күйеуі Ерболаттың (әлі үйленбеген кездері - ред.) достары бірі біліп қойған соң қорқыту басталғанын айтады. 

"Ештемеден күдіктенбей күнделікті дайындыққа келгенде Ерболаттың достарының бірі мені қорқыта бастады. Олар менің христиан дінін ұстанатынымды біліп қойған екен. Олар "Ерболат мұны білсе, сені қуып шығады. Намаз оқитын болған соң сен сияқтыларды жек көреді" деп маған қысым көрсетті. Сол кездегі сәтім әлі есімде. Бір күйініп, бір суынып, тынысым таралып бара жатқан сияқтанды. Сәлден кейін Ерболат хореографиялық залға кіріп келді... Достары ештемеге қарамастан оған жаңалықты айтып берді. Ерболат басын төменге сәл түсірді де маған қарап "кеттік, дайындалайық" деп айтты", - дейді Асыл сол жылдарды еске алып.

 

Талқылау