Ералы Тоғжанов Қазақстанның вице-премьері болып тағайындалды
Ералы Тоғжанов премьер-министрдің орынбасары қызметіне келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.
2019 жылдың 13 маусымына дейін Тоғжанов Маңғыстау облысының әкімі болды. Шенеунік 1963 жылы 13 мамырда Орал облысының Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1988), құқықтанушы. Заң ғылымдарының кандидаты (1995).
Алматылықтарды жөндеу жұмыстарынан көтерілген шаң әбігерге салды: Дәрігер мұның денсаулыққа қандай қаупі туралы айтты
Алматылық биылғы жазды “ең шаңды жаз” деп атады
"Терезеге қарай біреу шақырды": Алматыда 6-қабаттан құлаған қыздың өліміне қатысты күдіктінің жақындары өз нұсқасын айтты
Алматыда қыздың өліміне қатысты қамауға алынған жігіттің жақындары істі қайта қарауды сұрады