Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ер азамат ретінде бұлай дегеніңіз ұят болады": ТЖМ вице-министрі өзіне сұрақ қойған журналиске шүйлікті (видео)

Бүгін үкіметте өткен брифингте төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов “сұрақтарымызға министрдің өзі неге жауап бермейді, жауапкершіліктен қашып жүрген жоқ па?” деген журналиске шүйлікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

"Қазір өздеріңіз білесіздер, Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан облысында жағдай өте күрделі” деген Бауыржан Сыздықов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың премьер-министрдің тікелей тапсырмасы бойынша Атырау облысындағы елді мекендерде жүргенін айтты.

“Қазір қалай болғанда да су тасқынының зардабын төмендетсек деген іспен айналысып жүр. Олай жауапкершіліктен қашып жатыр, келмей жатыр деп айту ұят болады. Ер азамат ретінде олай айтқаныңыз –  ұят. Ертең жағдайдың бәрі қалпына келгесін, осында келіп сұрақтарыңызға жауап береді. Қазір төтенше жағдайлар министрлігі басшыларының барлығы су басқан аймақтарда жүр", – деп жауап берді Бауыржан Сыздықов.

Айта кетейік, бүгін үкіметте өткен брифингте төтенше жағдайлар вице-министрі өңірлерде құрал-сайман жетіспейді дегендерге жауап берді.

Талқылау