Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шүкір деп айту керек": ТЖМ вице-министрі өңірлерде құрал-сайман жетіспейді деп айтқандарға жауап берді

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте журналистер төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовқа бірқатар сұрақ қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: БҚО ТЖМ

Тілшілердің бірі тасқын болған өңірлерде күрек сынды құрал-сайман жетіспей жатқаны туралы ақпарат тарағанын айтып, неге мұндай жағдай болғанын сұрады. 

Министр орынбасарының сөзінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 

“Өкінішке қарай, осы жағдайға байланысты теріс мәлімет тарады. Бірақ шын мәнінде күрек, қап немесе құм керек жерге қажет заттың бәрі жеткізіліп жатыр. Оған қоса бізде мемлекеттік материалдық резерв бар. Сол жердегі құрал-сайман броннан шығарылды.

Сонымен қатар ол “елім, жерім” деген азаматтар жетерлік екенін тілге тиек етті. 

“Олардың көмегі де жетіп жатыр. Қиын жағдайда қалып отырған Батыс Қазақстан, Атырау және Солтүстік Қазақстан облысында құралдардың бәрі жеткілікті. Шүкір деп айту керек. Халық болып, ел болып, үкімет болып, мемлекет болып күш жұмылдырып жатырмыз”, – дейді вице-министр. 

Журналист “сіздер солай айтқанымен Петропавлға барғанда жергілікті тұрғындар басқаша дейді. Неге екі түрлі пікір болып жатыр?” деп сұрады.

“Петропавлда ондай жағдай жоқ. Егер ондай жағдай болса қай жер, қай елді мекен, қай көше екенін бізге айтыңыз, біз айналысайық”, – деп түйіндеді сөзін Сыздықов.  

Айта кетейік, бүгін үкіметте өткен брифингте төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов “сұрақтарымызға министрдің өзі неге жауап бермейді, жауапкершіліктен қашып жүрген жоқ па?” деген журналиске шүйілікті

Талқылау