Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Ер адамның гинеколог болуы – харам": Желіде имамның үндеуі қызу талқыға түсті

Фото: Видеодан скриншот

Желіде дінтанушы Данияр Кенжеұлының гинеколог болып жұмыс істейтін ер адамдарға айтқан үндеуі дау туғызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның сөзінше, ер адам бөтен әйелдің әурет жеріне қараса, әйелдің өзі де, қызы да оған харам болып саналған. 

“Ер адамның гинеколог болып жұмыс істеуі шариғатта құпталмайды. Әйелдерді де оларға жіберуге болмайды. Сен қалай әйеліңді бөтен еркектің алдына апарып, бұтын талтайтып, жатқызып қоясың?! Ол – өте үлкен арсыздық. Сол үшін ерлер басқа мамандықты алу керек. Құдайға шүкір, әйел гинекологтар толып жатыр. Егер, бір елде немесе жерде мүлде әйел гинеколог болмаса немесе сол нәрсеге мүлде қабілеті жоқ болса, амалдың жоғынан зәрулік тұрғысынан ғана ер адам сол оқуды оқи алады. Бірақ қазір қоғамда әйел гинеколог өте көп. Кімде-кім біреуді шахуатпен барып ұстаса немесе әурет жеріне қарайтын болса, харамдық бекітіліп кетеді. Яғни, өмір бойы саған қызы да, анасы да харам болады. Мысалы, сен гинеколог болып жұмыс істеп жатырсың. Алдыңа бір үлкен әйел келді. Сен оның әуретіне шахуатпен қарап не болмаса ұстасаң, оның қызы саған харам болып кетеді. Сен білмейсің ғой. Бәлкім, болашақта сен соның қызын алатын шығарсың. Ер адамның гинеколог, акушер болып жұмыс істеуіне болмайды, харам!”, – дейді ол.


  • "Дәрігерлер ертерек бала туып ал деді": 24 жасында ерте климаксқа ұшырап, денсаулығы сыр берген ару қыз-келіншектерге жолдау жасады

  • "Интимді анализдерімнің қорытындысы бөтен ер адамда жүр": Алматылық қыз жеке емхананы құпия ақпаратын таратып жіберді деп айыптады


Желі қолданушылардың арасында қыз-келіншектер баласын дүниеге әкелгенде гинеколог ер адамдардың көмектескенін жарыса жазып жатыр. 

“Осындай ойы таяз адамдар қайдан шығады екен?!”, “Медицинада ұят жоқ екенін біле ме?!”, “Имамның мақсаты – арабтандыру”, “Әйелі толғатып, жедел жәрдем шақырғанда ер адам келіп, үйіне кіргізбей жіберген дін қызметкерлерін білеміз”, “Ер гинекологтар керісінше жақсы қарайды”, “Үш баламды да еркек босандырған, қолы жеңіл болды”, – деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, қазақстандық дәрігерлер жаппай шетелге кетіп жатқанын жазған едік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 11:07
Талқылау