Қызбен түн өткізген ер адам оның сүйіктісіне бар шындықты ерекше жолмен жеткізген
Twitter қолданушысы cүйіктісі көзіне шөп салып жүргенін басқа ер адамнан білген. Мұндай жаңалықты хабарлаудың жолын тапқан адамға ол алғысын білдірді. Бұл туралы The Mirror басылымы жазады.

Ол дәретхана орындығының астынан сүйіктісінің басқа біреумен түн өткізгені жазылған жазбаны тапқан.
Мәтінде: "Бұл қыз таңертең маған жігіті бар екенін айтты. Мұны айтып тұрғаным үшін кешірім сұраймын, бірақ сенің орныңда болсам білгім келер еді. Кешір, бауырым", – деп жазылған екен.
Жазбаны оқыған ер адам сүйіктісі опасыздық жасаған түні қалада болмағанын айтқан.
Ер адам әйелінің 18 күйеуі бар екенін тікелей эфирден біліп қойды
Кейінірек хабарлама TikTok-та жарияланды және жедел таралып кетті. Көптеген пайдаланушы аты-жөні белгісіз адамға жазбаны қыздар әдетте мән бермейтін жерге жасыру үшін тапқырлық танытқаны үшін алғыс білдірген.
"Дәретхананың астына бір нәрсені жасыру тапқыр тәсіл", - деп жазды бір қолданушы.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"