Ер адам тойда ән айтып тұрған аяғы ауыр әншіні билемегені үшін атып өлтірді
Тойдағы қонақтардың бірінің сұранысы бойынша би билеуден бас тартқан пәкістандық 24 жастағы әнші Самин Самунді концерт кезінде тапаншамен атып өлтірді.
Бұл туралы The Independent хабарлады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.
«Geo TV» порталының хабарлауынша, жас әншіні өлтірген Тарик Джата есімді қылмыскер полиция қызметкерлерінің қолына түскен. Куәгерлердің айтуы бойынша, ер адам қызға отырып ән айтудың орнына тұрып би билеуге бұйрық беріп, тапанша кезеген. Ал 24 жастағы Самун орнынан тұрып, өзін тапаншамен қорқытқан азаматқа оның бұйрығын орындамайтынын айтып, би билеуден бас тартқан. Сол уақытта Джата аяғы ауыр әншіні атып өлтірген.
Қайғылы оқиға Пакистанның Синд провинциясындағы Ларкане қаласында орын алды. Самун сол күні үйлену тойында қонақ ретінде өнер көрсеткен болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңадан ашылған дәмханадан жеңілдік алуды қалаған келушілер табытқа түскен
Ұлдарын мүгедек қылған ата-ана 21 жылдан кейін баласының өлімі үшін сотталды
Жеңімпаздың лотереядан ұтып алған көлігін 50 жылға жерге көміп тастады
Мас болған турист Альпіде тоқтаған қонақ үйін іздеймін деп, 2400 метр биіктіктегі тауды бағындырды