Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлдарын мүгедек қылған ата-ана 21 жылдан кейін баласының өлімі үшін сотталды

Дэвидтің қайтыс болғанына 21 өткеннен кейін нәресте кезінде өз ұлдарын қатыгездікпен азаптаған ата-аналар сот алдында жауапқа тартылады. Медицина сарапшысы  Дэвид балалық шағында алған жарақаттың салдарынан көз жұмды деген қорытындыға келді.

Ұлдарын мүгедек қылған ата-ананы 21 жылдан кейін баланың өлімі үшін соттады

Бұл туралы People хабарлады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.

Солтүстік Каролина тұрғындары Робин Ноффсингер мен Дэфил Трипп 1997 жылдың сәуір айында 15 жасар ұлдары қатыгездікпен жарақат алып ауруханаға түскеннен кейін 12 жылға сотталды. Ауыр жарақат алған баланың қолы сынып, арқасы мен жыныс мүшесі қатты күйген. Шабуыл нәтижесінде бала соқыр болып, бойы 120 сантиметрден аспай, өмір бойы бір ауыз сөз айта алмаған.

Дэвид жедел жәрдем бөліміне түскен кезде, дәрігерлер оның ойлау қабілеті болмайды деп алаңдаған. Кейін мүгедек болып қалған Дэвидке 24 сағаттық күтім қажет болғанына қарамастан оны мейірімді отбасы асырап алды. Оны асырап алған ата-анасы күн сайын Дэвидтің бала кезіндегі жарақаттарын емдеп, оған жақсы өмір сыйлай білді.

Дэвидтің ата-анасы Робин мен Дефил 1997 жылы кездесіп жүрген. Бірақ қайғылы оқиға орын алғаннан кейін екіге ажырап кетті. Егер қылмыскерлер кінәсін мойындаса, олар мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айырылады немесе өлім жазасына кесіледі.

Оқи отырыңыз:

Жеңімпаздың лотереядан ұтып алған көлігін 50 жылға жерге көміп тастады

Мас болған турист Альпіде тоқтаған қонақ үйін іздеймін деп, 2400 метр биіктіктегі тауды бағындырды

Ұзақ қарап отырса көзден ғайып болатын суреттің құпиясы ашылды

Сарапшылар ең сенімді 10 автокөлікті атады

Талқылау