Ер адам селфи жасаймын деп жанартауға құлап кетті
Америкалық турист селфи жасамақ болғанда Везувий жанартауының өзегіне құлап кеткен. Бақытына орай ол жеңіл жарақат алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

23 жастағы ер адам отбасымен бірге Неапольде демалып жүрген. Олар аймақтағы көрікті жерлердің бірі Везувий жанартауына бармақ болған. Дегенмен қауіпсіз әрі танымал туристік жолмен барудың орнына америкалықтар қауіпті және тыйым салынған жолды таңдаған.
Ал жанартау өзегіне жеткен соң ер адам селфи жасамақ болған. Бірақ телефонын түсіріп алған ол кратерден алмақ болғанда өзі де құлап кеткен. Хабарланғандай, ер адам жеңіл жарақат алған және тек қорқып қалған.
Кейін оған мемлекеттік жерге рұқсатсыз кіргені үшін айып тағылған.
Везувий жанартауы – Италиядағы ең белсенді жанартаулардың бірі. Сарапшылар оны ең қауіпті жанартау деп те атайды.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген