Ер адам мүгедек әйелін жертөлеге қамап, өлімші етіп сабап тастаған
Ресейдің Бийск қаласында жергілікті тұрғын мүгедек әйелін жертөлеге қамап, оны өлімші етіп сабап тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алтай өлкесі бойынша тергеу комитеті басқармасының сайтында хабарланғандай, сәуір айының басында 56 жастағы ер адам ішімдік ішіп алып, денсаулығына байланысты өзі қозғала алмайтын 68 жастағы әйелін соққының астына алған, кейін жертөлеге лақтырып тастаған. Келесі күні ол әйелді жертөледен шығарып, тағы да ұрған - алдымен қолымен, содан кейін бас мен денесіне түрлі аяқ киіммен кемінде 20 рет соққы берген.
Әйел ауруханаға жеткізілді, бірақ ол алған жарақаттарынан көз жұмды.
Күйеуінің мұндай жауыз әрекетке баруының себебі жоғалған ақша көрінеді.
Ресейлік азаматқа қарсы ҚК-тің "абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған адам өміріне қауіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс сотқа жіберілді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар