Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам қылмыскерлерден тығылу үшін 5 жыл бойы орманда өмір сүрген

Ұлыбритания тұрғыны 2015 жылы хабар-ошарсыз кетіп, өлді деп есептелді, бірақ полиция қызметкерлері оны Facebook-те жарияланған селфидің көмегімен орманда тірідей тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Литваның 35 жастағы тумасы Рикардас Пуисисты куәгерлер соңғы рет 2015 жылдың қарашасында Кембриджшир округінде көрген. Ол жоғалғаннан кейін полиция кісі өлтіру фактісі бойынша істі зерттеген. Анықталғандай, Рикардас өзін пайдаланған қылмыскерлер тобына қарсы шыққан. Бұл ретте полиция нақты қандай қылмыстар туралы айтып отырғанын нақтыламаған.

Бірақ кісі өлтіру теориясы тергеушілер Пуисистің Facebook-тегі құпия парақшасында жариялаған суретін тапқан кезде жойылды. Парақшада 69 досы болған, олардың көпшілігі - литвалықтың туыстары.

Полиция іздеу жұмыстарын ұйымдастырып, 1 шілдеде жоғалған адамды тапты. Оның Кембриджшир округіндегі Уисбек қаласының жанындағы орманда өмір сүргені белгілі болды. 

"Біз Рикардас қылмыстың құрбаны болғандықтан қашуға шешім қабылдады және оны бандиттер пайдаланды деп санаймыз. Ол әдейі жасырынып, біраз уақыт ешкіммен сөйлеспеген", - деді аға детектив Роб Холл.

"Қазір ол қауіпсіз жерде, біз өте тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Ол бес жылдан астам қиын жағдайда өмір сүргеннен үшін қажетті қолдауды алады", — деді ол.

Талқылау