Ер адам бұрынғы сүйіктісінің үйіне бірден 50 курьер шақыртқан
Ажырасу көптеген адамдар үшін қиынға соғып жатады. Кейбіреулер бұрынғы сүйіктісінен кек алады. Мысалы, Түркияның Измир қаласының тұрғыны бұрынғы ғашығына өштесіп, үйіне 50 курьер шақыртқан. Ал төлемді қолма-қол белгілеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Milliyet газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Измир қаласының Балчова ауданында болған. Бір уақытта үйдің алдында 50 курьер кездескен. Ер адам бұрынғы қызының мекенжайына бір қосымшада, бірақ әртүрлі нөмірлерден тапсырыс бергені белгілі болды. Сонымен қатар, ол тапсырыстарды әкелген кезде “қолма-қол төленеді” деп көрсеткен.
İzmir'de bir erkek, ayrıldığı kız arkadaşının evine kapıda ödeme yöntemiyle çok sayıda yemek siparişi verdi. pic.twitter.com/hIxeXwWHrI
— Boşuna Tıklama (@bosunatiklama) April 21, 2024
Курьерлер бір топ болып жиналған кезде ғана бұның пранк екенін білген. Белгілі болғандай, оқиға туралы полицияға ешкім арыз түсірмеген.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі