Қосшыда ер адам автобустың ішінде 15 жастағы қызға тиіскен
Қосшыда ер адам автобуста 15 жастағы қызға тиіскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде болжам бойынша Қосшы қаласында түсірілген бейнежазба пайда болды. Бейнежазба авторының айтуынша, ер адам 303-ші автобуста ұйықтап отырған 15 жасар қызға тиіскен.
"Қыз ер адамның өзіне тиіскенінен оянып кеткен, ер адам жасөспірімге қарап, өзін-өзі қанағаттандырумен айналысып жатты", - дейді бейнежазба авторы.
Жәбірленуші полицияға арызданған.
"Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында маршруттық автобус салонында өзін жөнсіз ұстаған белгісіз біреудің әрекеті туралы шағымданған жазба анықталды. Қазіргі уақытта полицейлер құқық бұзушыны анықтау шараларын жүргізіп жатыр, оның нәтижесі бойынша ер адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деді Астана қалалық ПД.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"