Ер адам Аргентинаның әлем чемпионаты финалында жеңілгені үшін әйелімен ажырасып кетті

Малайзияда футбол жанкүйері Аргентина құрамасының әлем чемпионатының финалында жеңілгеніне бола әйелімен ажырасып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
20 шілдеде малайзиялық әйел әлеуметтік желіде басынан өткен жағдайды бөлісті. Оның айтуынша, Испания мен Аргентина арасындағы финалдық матчтан кейін күйеуі үйге келіп, оған үш рет “талақ” айтқан.
Кейінірек ер адам досымен бәстесіп, Аргентина финалда жеңілсе, әйелімен ажырасатынын айтып қойғаны белгілі болды. Аргентина құрамасы жеңіліс тапқан соң, ол бәстің шартын орындау туралы шешім қабылдаған.
Күйеуінің бұл әрекетіне аң-таң болған әйел желі қолданушыларынан көмек сұрады.
“Ол өзін есінен адасқан адамдай ұстап, ажырасуды ойын көріп отыр”, – деп жазды әйел.
Малайзия заңында үш рет “талақ” айту арқылы ажырасу мойындалуы мүмкін. Алайда ол үшін ер адам бұл шешімі туралы бір апта ішінде ресми органдарға хабарлауы керек.
Жағдайға Малайзияның дін істері жөніндегі бұрынғы министрі Зулкифли Мохамад Әл-Бакри де пікір білдірді. Ол ерлі-зайыптыларға шариғат сотына жүгініп, некенің шынымен бұзылған-бұзылмағанын анықтауға кеңес берді.
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Оқыңыз