Ер адам 100-ден астам тірі жыланды шалбарына жасырып шекарадан өтпек болды
Қытайдың кеденшілері Гонконгтан материктік Қытайға 100-ден астам тірі жыланды алып өтпек болған ер адамды ұстады. Қытай билігінің мәліметінше, ол бауырымен жорғалаушыларды кенеп қапшықтарға салып, шалбарының ішіне жасырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Тексеру барысында қапшықтарда жалпы саны 104 тірі жылан бары анықталды. Ондағы жыландардың пішіндері, көлемі мен түстері де әртүрлі болып шықты. Кеденшілер ұстаған екі қапшық қызыл, ақ және қызғылт түсті жыландарға толы.
Қытай заңы елге арнайы рұқсатсыз жануарлар түрлерін әкелуге тыйым салады.
“Заңды бұзғандар заң шеңберінде қатаң жазаланады”, – деп мәлімдеді жергілікті билік.
Алайда кеден қызметкерлері құқық бұзушылар нақты қалай жазаланатынын айтқан жоқ.
Бүгінде Қытай әлем бойынша жануарлар контрабандасының ең ірі орталығы саналады. Соңғы жылдары ел билігі мұндай заңсыз саудамен белсенді түрде күресіп келеді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі