Ендігі жылы шетелдік лоукостерлер Қазақстан арқылы ұша бастайды
Еуропаға ұшып жүрген лоукостерлер ендігі жылы Қазақстан арқылы ұша бастайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктің хабарына сүйеніп.
kapital.kz
“Танымал лоукост компаниялардың ұшақтары Қазақстан әуежайларында аялдап, сапарын әрі қарай жалғастырады”, – дейді индустрия министрі Қайырбек Өскенбаев.
“Бізде қазір ұлттық оператор және лоукостерлер секторы бар. Аспанымыз ашық болғасын, мысалы, Еуропа немесе Түркияға ұшып бара жатқан лоукостерлерге біздің әуежайларда аялдауға рұқсат береміз. Билет арзанырақ болады. Себебі бұл –лоукостерлер. Бұл жоспарымызды ендігі жылы іске асыра бастаймыз”, – дейді министр.
Оның сөзінше, өзге елдер мойындаған лоукостерлерге ғана аялдауға рұқсат беріледі.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген