Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді тауарлардың түпнұсқалығын eGov Mobile қосымшасымен тексеруге болады

Енді тауарлардың түпнұсқалығын eGov Mobile қосымшасымен тексеруге боладыФото: Stan.kz

eGov Mobile мобильді қосымшасына тауарлардың түпнұсқалығын сандық код арқылы тексеру функциясы енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жаңа функция Naqty Onim сервисі негізінде жүзеге асырылды. eGov Mobile қосымшасында сандық кодты сканерлеген кезде тауардың түпнұсқалығы, өндірушісі, негізгі сипаттамалары және шығарылған күні туралы ақпарат көрсетіледі.

Қызметті пайдалану үшін қажет:

  1. eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, “Сервистер” бөліміне өту;
  1. “Naqty Onim” сервисін таңдап, деректерді ұсынуға келісім беру;

  2. “Бастау” батырмасын басып, смартфон камерасын DataMatrix кодына бағыттау.

Егер сандық код жоқ болса немесе дұрыс енгізілмеген болса, жүйе тиісті хабарлама шығады.

“Дәрі-дәрмектерді тексеру кезінде өнімнің нақты дәрілік препарат санатына жататыны ескеріледі. Сондай-ақ оның өндірілген күні маңызды: 2024 жылғы 1 шілдеге дейін шығарылған дәрілер міндетті цифрлық таңбалауға жатпайды және сканерлеу кезінде жүйеде көрінбеуі мүмкін. Мұндай жағдайда тексеру нәтижесінің шықпауы тауардың заңсыз немесе жалған екенін білдірмейді”, – деп жазды eGov Mobile.

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап сыра мен мотор майларын таңбалау кезең-кезеңімен енгізіледі, ал 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жеңіл өнеркәсіп тауарларына да қолданылады.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 18 Ақпан, 2026 15:53