Енді шенеуніктер бюджетте артылған қаржыны өздеріне сыйақы ретінде аудара алмайды
Қаржы министрі Мади Такиев мәжіліс кулуарында шенеуніктердің бюджетте артылған қаржыны сыйақы ретінде ала алмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Министрдің айтуынша, үнемделген қаржы енді бюджетке қайтарылады.
"Осы сәтті пайдалана отырып мына нәрсені айтқым келеді. Қаржы министрлігі есепшот арасында сыйақы ретінде қаржы аударуға тыйым салды. Сәйкесінше, шенеуніктер үнемделген қаржыны сыйақы ретінде ала алмайды. Қаражат бюджетке қайтарылады", – деді ол.
Журналистер Мади Такиевтен шенеуніктердің сыйақы мөлшері туралы да сұраған. Алайда министр бұл сауалға жауап бермеді.
Еске салайық, бұған дейін мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасы таныстырылған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған