"Енді Құранға түсті": Ерке Есмаханның 10 жасар ұлы намазға жығылды
Ерке Есмахан ұлын медресеге берді. 10 жасар Мүслім қазіргі уақытта 5 уақыт намаз оқып жүр. Анасының айтуынша, енді "Құранға түсті", деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Менің таеквондист, футболист ұлым енді медреседе оқып жүргенін білесіз ғой?! Дәрет, намаз, сүрелерді жаттап алды. 5 уақыт намаз оқып жүр. Енді Құранға түсті. Ақылды балам менің", - деп қуанышын көпшілікке жеткізді Есмахан.
Айта кетейік, Ерке Есмаханның ағасы Бауыржан Есмахан көп жылдар бойы Ақтөбе облысының бас имамы болды. Қазіргі уақытта ол Қазақстанның бас мүфтиінің орынбасарларының бірі (наиб-мүфти).
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты