Енді қоқысты кез келген жерде қалдырған қазақстандықтар мәжбүрлі қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады
Енді қазақстандықтар қоқысты кез келген жерге тастаса қоғамдық жұмыстарға тартылады. Бұл туралы "Ашық НҚА" сайтында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жарияланды.деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Заң бойынша мәжбүрлі еңбекке тек қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыптау туралы сот актісі негізінде ғана тартылады.
Құжатқа сәйкес, егер адам ұсақ бұзақылық жасаса немесе қоқыстарды дұрыс емес жерге тастаса, мұндай құқық бұзушыға бірнеше АЕК көлемінде айыппұл салудың орнына қоғамдық жұмыстарға тартуға болады.
“Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың төлем қабілетсіздігі орын алуда. Осылайша, қоғамдық жұмыстарды қолдану құқық бұзушыға, әсіресе, қоғамдық тәртіпті бұзуға қол сұққан адамдарға қатысты жақсы тәрбиелік және алдын алу әдісі болмақ", - делінген құжатта.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі