Енді қазақстандық магистранттар мен докторанттар Францияда тегін білім ала алады
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігі «Абай-Верн» бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Келісім аясында Францияның жоғары оқу орындарына қазақстандық университеттерде екінші курс оқитын 90 магистрант және 10 докторант жіберіледі.
«Француз жоғары оқу орындарымен әріптестік туралы келісімдерге қол жеткізген магистранттар мен докторанттар немесе қазақстандық-француздық бағдарлама бойынша оқыған түлектерге басымдық беріледі», – деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым министрлігі.
Магистратураның оқу мерзімі қыркүйек айынан маусым айына дейін 10 айға созылады. Ал докторанттар алты айда – қыркүйектен бастап ақпан айына дейін үш жыл бойы оқиды.
Бұл бағдарлама бойынша Қазақстан әрбір магистрантқа – 800 евро және докторанттарға – 1 200 евро шәкіртақы беруге міндеттеме алады.
Ал Франция қазақстандық магистранттар мен докторанттарды тегін білім беру жүйесімен қамтамасыз етуге және Француз үкіметінің стипендиаты мәртебесін беруге міндеттеледі.
Аталған бағдарлама аясында білім алатын қазақстандықтар француздық әлеуметтік сақтандырудың бірыңғай жүйесіне бекітіледі. Олар ұзақ мерзімді тегін студенттік виза алады. Осы бағдарлама бойынша оқуға кеткен магистранттар мен доктаранттарға студенттік жатақхана бөлінеді немесе тұрғын үйге ақы төлеуге көмек алады. Сондай-ақ, Франция мемлекеті тұрғын үйді жалға беруде кепілдік берсе, «кле» жүйесін қолдануға да көмектеседі.
Сонымен қатар, Стипендиаттарға мәдени бағдарламалар мен іс-шараларға қатысу үшін жеңілдіктер беріледі.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбеде әріптестеріне пара бермек болған прокурордың ісі сотта қаралып жатыр
Үздік есім: Жұлдыздар Бүркіт пен Аишаның қызына есім таңдауда өзара сайысқа түсті