Енді қазақстандықтарға көліктен басын шығарғаны үшін айыппұл салынады
ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев жүріп келе жатқан көліктен басын шығарғаны үшін қазақстандықтарға 39 мың теңгеден аса айыппұл салынатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com
13 наурыздан бастап Әкімшілік кодекстегі өзгерістер күшіне енді. Олардың қатарында жолаушы тасымалына қатысты айыппұлдар да бар.
"Енді жүріп келе жатқан көліктің терезесінен басын шығарғаны үшін 10 АЕК (39,3 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады. Оның үстіне жолаушы да, жүргізуші де бірдей деңгейде жауапқа тартылады", – деді Сұлтанбаев.
Көп жағдайда тойда және салтанатты жиындар кезінде қазақстандықтар өз қауіпсіздіктерін ойламайды. ІІМ бұл шара азаматтардың қауіпсіздігіне бағытталған дейді.
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге
"Қаламақымызды ала алмай отырмыз": Ақындар мен композиторлар Қазақстан авторлық қоғамына қарсы шықты
Олар бұл жағдайдың авторлардың табысына тікелей әсер етіп отырғанын айтты