Енді қазақстандықтардың паспортында қар барысының бейнесі таңба ретінде қолданылады

Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Аленов үкімет отырысында Қазақстан азаматтарының жаңа паспортында қар барысының бейнесі пайда болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Енді паспорттың ішінде барыс таңба (яғни, арнайы белгісі) ретінде құжат нөмірінің астында орналасады. Мұндай белгі жалған паспорт жасаудың жолын кесуге және азаматтардың жеке мәліметтерін қорғауға көмектеседі.
Жаңа үлгідегі паспорттың таныстырылымында таңбадағы барыс бейнесі анық көрініп тұр. Бұл – Қазақстанда құжаттарды қорғауға арналған жаңа, заманауи технологиялар енгізіліп жатқанын көрсетеді.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді