Енді қазақстандықтардың құжатын ChatGPT дайындайды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин министрліктің азаматтардың ChatGPT сияқты сұраныстарын жылдам әрі тиімді орындау үшін жасанды интеллект технологиясын енгізіп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: history-computer.com
Үкімет отырысында министр ChatGPT қолдану азаматтарға тәулік бойы құжаттарды өңдеуге, барлық сұрақтарға жауап беруге және чатта тікелей қызмет көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Министрдің сөзінше, барлық облыстарда қызметтерді смартфонға немесе проактивті форматқа көшіру, сұраныстарды тек биометрика немесе QR арқылы растау енгізіледі.
"Кішкентай баладан зейнеткерге дейін әлеуметтік желілерді, WhatsApp немесе Telegram мессенджерлерін пайдалана алады. Сол сияқты біздің қызметтеріміз де түсінікті және қарапайым болуы керек", – деді министр.
Мусиннің айтуынша, кейбір қызметтерді цифрлық форматта да алу қиын.
"Мәселен, қазір әрбір пайдаланушы электрондық қолтаңба алу, оны компьютерге орнату немесе парольді жоғалту сияқты қиындықтарға тап болады", – деді Мусин.