Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар енді жеке деректерін өңдеуге берген келісімінен eGov арқылы бас тарта алады

Енді қазақстандықтар жеке деректерді өңдеуге берген келісімін қайтарып ала алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik

Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықовтың айтуынша, функция 2024 жылдың соңына дейін жүзеге асады. Егер азамат бұрын жеке деректерін өңдеуге келісім берген болса, енді оны онлайн режимде қайтарып ала алады.



"Егер заңда келісім беруге болатындығы белгіленсе, заң азаматтың келісімін қайтарып алуға құқылы екенін белгілейді. Енді қазақстандықтар электрондық үкімет порталы арқылы өзінің жеке деректерін өңдеуден бас тарту туралы өтініш беруге құқылы", – деді Әбдіқалықов.

Сондай-ақ ол Қазақстан дербес деректерді сақтау мерзімін шектеу жоспарланып жатқанын айтты. 

Әбдіқалықовтың сөзінше, азаматтардан жеке мәліметтерді өңдеу және сақтауға қарсылық білдіретіні туралы түрлі шағымдар келеді. 

“Азаматтардан жеке мәліметтерді өңдеу және сақтауға қарсылық білдіретін шағымдар жиі түседі. Үкімет пен депутаттардан сақтау мерзімдері бойынша шараларды нақты қабылдау туралы құзыретіміз бар ма, жоқ па нақтылап сұрауымыз қажет", – деді спикер.

Руслан Әбдіқалықовтың айтуынша, заң бойынша сақтандыру компаниясы көлікті сақтандыру шартын 1 жылға жасайды және одан кейін 5 жыл бойы азаматтың мәліметтерін сақтауға міндетті. Демек, сақтандыру компаниясы ең көбі 6 жыл бойы жеке деректерге қол жеткізуді сұрай алады.

Әбдіқалықовтың айтуынша, заңда жеке мәліметтерді сақтау мерзімін асырғаны үшін жаза қарастырылмаған. Ал комитеттің бұл мерзімдерге ықпал ету құзыреті жоқ дейді.

Айта кетейік, бұған дейін Цифрлық даму министрлігі ақпан айындағы азаматтардың жеке деректерінің тарап кетуіне қатысты аудит нәтижелеріне мәлімдеме жасап, кімдердің жауапқа тартылғанын айтқан еді. 

Талқылау