Енді қазақстандықтар баспана алу үшін кез келген банкке қаражат жинай алады
Қазақстандықтар тұрғын үй алу үшін ақшаны енді "Отбасы банкінен" басқа банктерде де жинай алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазір мемлекеттік органдар мен банктер бірлесе отырып түзетулер әзірленгенін мәлімдеді. Бұл өзгерістер жұмыс істеп тұрған коммерциялық банктерде тұрғын үй және құрылыс жинақтары үшін шот ашуға мүмкіндік береді.
“Мұндай мүмкіндік қаражатты тарту, жылжымайтын мүлік сатып алуға несие беру, сондай-ақ осы қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау және қамтамасыз ету шарттарын ескере отырып беріледі”, – делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, қажет рәсімдер аяқталғаннан кейін түзетулер заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады.
Бұған дейін Қазақстан қалаларындағы пәтер құны туралы материал дайындаған едік. Статистикаға көз жүгіртіңіз.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар