Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс саусақ іздерін ерікті түрде тапсыру туралы заң жобасын қабылдады

Мәжіліс депутаттары төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеу кезінде саусақ ізін алуды міндеттейтін бастаманы заңнан алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: bestnokia.ru

Бірақ бұл талап шетелдік азаматтар үшін міндетті болып қала береді. 

"Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда талқылаған депутаттар осындай шешім шығарды.

Заң жобасындағы түзетулердің негізгі тезистері мынандай:

- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлерінің санаттарын нақтылау;

- өтініштерді кәсіпкерлік субъектілері арқылы әріптестік келісімдер негізінде қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін беру мүмкіндігін ұсыну;

- Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша жеке ақыға қосымша сервистік қызметтер көрсету;
- "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қатысушыларын орналастыру талаптарын оңтайландыру;

- Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлігін және (немесе) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алған кезде дактилоскопиялық тіркеуден өту міндеттілігін алып тастау.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева құжаттарды алған кезде дактилоскопиялық тіркеуден өту міндеттілігі алынып тасталғанын мәлімдеді. Енді қазақстандықтар тіркеуден өз еркімен өте алады. 

Депутаттар заңды қабылдап, Сенат мақұлдауына жіберді.
 

Талқылау