Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еңбек министрлігі Тамара Дүйсенованың қазақ тілін білмейтіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Тамара Дүйсенованың қазақ тілін білмейтіні туралы ақпаратты жоққа шығарды. Министрлік өкілдері Ranking.kz ұсынған мәліметті “жала жабу” деп бағалаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тамара

Министрлік өкілдері ведомство басшысы Тамара Дүйсенованың ана тілі қазақ тілі екенін, мемлекеттік тілді жетік меңгергенін атап өтті.  

“Тамара Дүйсенова Үкімет пен Парламентте үнемі қазақша сөз сөйлейді, БАҚ-тарда сұхбаттар пен түсініктемелерді қос тілде қатар береді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабы екінші бөлігіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған жала жабу (яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтерді тарату) 650 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға не 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады”, – делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 3 қазанында Ranking.kz интернет-порталында зерттеу жариялап, елдегі 19 министрдің 2-і мемлекеттік тілде сөйлей алмайтынын мәлімдеген еді. Олардың қатарында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бар. 

Талқылау