Екі министр қазақ тілінде сөйлей алмайды: Қазақстанда министрлер қанша тіл біледі
Қазақстанда бүгінгі таңда 19 министрлік бар. Ranking.kz компаниясы қазақ тілін меңгеру бойынша рейтинг дайындаған. Зерттеу нәтижесіне сәйкес екі ведомство басшылары қазақ тілін меңгермеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тіл меңгеру бойынша ғылым және жоғарғы білім министрі Нұрбек Саясат көш бастады. Министр жеті тіл біледі: қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын.
Екінші орынды сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен мен ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бөлісті. Олар бес тілден біледі екен.
Үздік үштікте ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бар. Олар төрт тілден меңгерген.
Еңбек министрі Тамара Дүйсенова төрт тілді білгенімен, қазақ тілін меңгермеген. Сонымен қатар төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де қазақ тілін білмейді.
19 министрдің 12-сі ағылшын тілін меңгерген.

Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге